2024 жылдың 8 сәуірінде, ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының алғашқы кезеңі өтіп жатыр.

🔗Бірінші кезең логикалық ойлау мен кеңістіктік ойлау деңгейін анықтауға арналған тест сұрақтарынан тұрады.

▫️Әрбір бөлім бойынша 20 сұрақ болды, жалпы сұрақтың саны – 40, тестілеуге берілген уақыт - 90 минут.

Қатарластарынан озып шығып, жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар екінші кезеңге жолдама алады. Екінші кезеңге барлық өңірлерден республика көлемінде 5000 бала қатысады.

Бағын сынап отырған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!