2024 жылғы 22 ақпанда Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары - жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтеді

🔷Фестиваль-байқаудың мақсаты: оқушылардың
музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың
орындаушылық шеберлігін арттыру, заманауи қоғамда
музыкалық өнерді насихаттау, музыкалық өнер мен білім
берудегі жаңа прогрессивті үрдістермен классикалық
дәстүрлердің өзара әрекеттесуін іздеу, балалар музыка
мектептері мен өнер мектептерін дамыту, білім алушылардың тұлғасын тәрбиелеудегі, оқытудағы және шығармашылық дамуындағы олардың рөлін арттыру.

🔻Фестиваль-байқаудың міндеттері:👇🏻

▫️1) музыкалық өнердің жоғары көркемдік үлгілері
негізінде жас музыканттарды тәрбиелеу және рухани-
адамгершілігін дамыту, білім алушыларда танымдық
қызығушылықты және эмоциялық қабылдауды қалыптастыру;
▫️2) жас музыкант- орындаушылардың шығармашылық
тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруы және олардың мәдениет саласындағы әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасау;
▫️3) республиканың білім беру ұйымдары арасында тығыз шығармашылық байланыс орнату, орындаушылық және педагогикалық тәжірибе алмасу;
▫️4) жас музыканттардың орындаушылық шығармашылыққа қызығушылығын жандандыру, әрі
қарай қолдау және олардың шығармашылық белсенділігі
мен кәсіби бағдарын ынталандыру мақсатында талантты балалардың жаңа есімдерін анықтау;
▫️5) балаларды іс-шараларға тарту арқылы қосымша білім берумен қамтуды арттыруға ықпал ету.

🔸Жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңіне 2024 жылғы 22 ақпанда сағат 10.00-де шақырамыз.

📊Өтетін мекен- жайы: Семей қаласы, Момышұлы №19
Семей қаласының білім бөлімі «№1 Балалар
музыка мектебі”.