2025 жылдың 29 сәуірінде жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі.

2025 жылдың 29 сәуірінде жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі.
📌Өтетін орны: Семей қаласы, «Alikhan Bokeikhan University», мекен-жайы: Мәңгілік ел 11
Мақсаты мен міндеті: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
🔹Байқау 5 номинация бойынша өтеді:
1. «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларын мәнерлеп оқуына және санына байланысты бағалайды.
2. ⁠«Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинация шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі, саны, қазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруімен бағаланады.
3. ⁠«Әнді сүйсең менше сүй» номинациясында оқушының Абай және Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады. Номинацияда орындалған өнер туындыларының қайталанбауы шарт. Ол үшін әр оқушы кем дегенде үш шығармаға дайындалып келуі керек.
4. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша оқушылардың өз өлеңдері бағаланады. Бір өлеңі ұсынылады және сол өлеңі оқылады. Қажет болған жағдайда қазылар алқасы тарапынан тапсырма ұсынылады.
5. «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша оқушы Абай туралы көркем туындыларды толық білуі, талдау жасай алуы керек. Қазылар алқасы тарапынан сұрақтар ұсынылып, берілген жауап бағаланады.
📞Қосымша ақпарат алу үшін байланыс тел: 87082397024