Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

2025 жылғы 04–05 қараша күндері Атырау қаласында оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының форумы өтті

2025 жылғы 04–05 қараша күндері Атырау қаласында оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының форумы өтті

Дарын Орталығы

Форумның мақсаты:

оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өзіне деген сенімділікті арттыру және заманауи қоғамда белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.

Форум аясында Абай облысының көшбасшы оқушылары интерактивті алаңдарға қатысып, өз қабілеттерін түрлі бағыттағы ойындар мен тренингтерде сынады.

Бағдарламада: квест «Табыстылық жолы: әрекет ету уақыты!», пікірсайыс, стартап жобалары, тренингтер мен интеллектуалдық ойындар өтті.

Абай облысының қатысушылары белсенділік танытып, өздерін үздік қырынан көрсетті. Нәтижесінде, олар жүлделі    І орынға ие болды.