🔸ҒТК міндеттері:
- қатысушылардың ғылым саласында өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасау;
-ғылыми көзқарастарын кеңейту, ғылыми-зерттеу дағдыларын меңгеріп, кәсіби қызметте білімді шығармашылықпен пайдалануға ұмтылысын арттыру;
- тәжірибе алмасу алаңын құру.
💬ҒТК қатысушылары: ҒТК еңбек өтіліне, біліктілік санаттылығына шектеу қойылмай, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мұғалімдер, әлеуметтік педагогтер, педагог-психологтер, тәлімгерлер, кітапханашылар, қосымша білім педагогтері, педагог-профориентаторлар, МДҰ әдіскерлері, тәрбиешілері қатыса алады. Бір қатысушыдан 1 ғана жұмыс қабылданады.
▫️Конференция бағыттары:
- физика-математикалық бағыт;
- жаратылыстану бағыты;
- гуманитарлық бағыт;
- тарихи-өлкетану бағыты;
- ақпараттық-техникалық бағыт;
- психология и әлеуметтік педагогика;
- қосымша білім беру.
☑️Конференцияны өткізу формасы: сырттай және іштей. Сырттай қатысу формасы авторлардың жеке қатысуын талап етпейді.
Мақалалар 23 ақпанға дейін қабылданады, байланыс телефоны: 87767167224 Тлеубердиева Н.Д.