7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті
Дарын Орталығы
✅2026 жылдың 6 ақпананда жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі Семей қаласы білім бөлімінің «Экономикалық лицейі» КММ базасында өтті.
📚Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жүмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау.
Олимпиадаға жалпы 7-8 сыныптан 318 оқушы қатысты.