9-11 (12) сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті
Дарын Орталығы
Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 25 желтоқсан күні 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
🔰Олимпиаданың мақсаты: Қазақстанда философиялық білім беруді дамыту, жоғары сынып оқушыларының философияға қызығушылығын арттыру, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру.
✔️Облыстық кезеңі «Экономикалық лицейі» КММ базасында ұйымдастырылды. Олимпиадаға 50-ге жуық оқушы қатысты.