Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Абай облысында «Қаржы сақшылары» интерактивті ойынының қатысушылары марапатталды

Абай облысында «Қаржы сақшылары» интерактивті ойынының қатысушылары марапатталды

Дарын Орталығы

Киберқауіптерді тану: Абай облысында «Қаржы сақшылары» интерактивті ойынының қатысушылары марапатталды

📌Бүгін Семей қаласындағы №50 орта жалпы білім беретін мектепте «Қаржы сақшысы (Qarjy saqshysy)» интерактивті білім беру ойынының облыстық финалының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

🗯️Іс-шара өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заманауи экономикалық әрі цифрлық қауіптерге қарсы тұрақты иммунитетті дамытуға бағытталған «Заң және тәртіп» бастамасы аясында ұйымдастырылды.

🔰Облыстық финалға Абай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 10–11-сынып оқушылары қатысып, олар қаржылық және цифрлық қауіпсіздік саласындағы жоғары білім деңгейін, қаржылық алаяқтық схемаларын, дропперлік әрекеттерді, киберқауіптерді және өзге де тәуекелдерді анықтау қабілеттерін көрсетті.

– «Заң және тәртіп» нарративі аясында Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Қаржы сақшысы» интерактивті бағдарламасының қорытындысын шығарып отыр. Бағдарлама жастардың, әсіресе орта және жоғары сынып оқушыларының цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында әзірленді. Бағдарлама қорытындысы бойынша финалистер мен жеңімпаздар анықталды. Оқушылардың қызығушылық деңгейі жоғары, ал дайындықтарының сапасы бізді ерекше қуантты. Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Сәкен Қондыбаев.