Шыршалық кешке 9 жастан 13 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беруді қажет ететін, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта, қоғамдық өмірде жоғары жетістіктерге жеткен дарынды балалар шақырылды.
⚡️Балаларға ерекше безендірілген сахнада аниматорлардың қатысуымен театрландырылған жаңа жылдық қойылым ұсынылды. Мерекелік кешке қатысқан әр балаға 100 мың теңгеге сертификат, тәттілер мен 2024 жылдың басты символы бейнеленген ойыншықтар жиынтығы сыйға тартылды.
Айта кетейік, осындай шара Абай облысында биыл екінші рет өткізіліп отыр. 25 желтоқсан күні сағат 11.00-де ерекше білім беру қажеттіліктері бар 100 бала үшін жаңажылдық қойылым өтеді.
Бұдан басқа, 29 желтоқсанда Астана қаласында «Астана Опера» театрында «Жаңа жыл Республика төрінде» Президенттік шыршасы өтеді. Оған Абай облысынан 5 бала қатысады.