«Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі» облыстық шығармашылық байқауы өтті
2025 жылдың 17 қазан күні Семей қаласы ББ «А. Байтұрсынов атындағы №47 ЖОББМ» КММ базасында жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі» облыстық шығармашылық байқауы өтті.
📚Байқау «М. Әуезовтың шығармаларынан сахналық қойылым»,
« М. Әуезов шығармалары суретшілер көзімен»,
«Заңғар жазушы ізімен...»,
«Мұхтарға жыр арнау бір бақыт...» номинациялары бойынша оқушылар зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін жетілдірді.
⚜️Байқау нәтижесінде 30 оқушы 🥇🥈🥉 дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
🔹Үздік өнерімен танылған 12 оқушыға «Шебер рөл сомдаушы», «Сөз зергері», «Қылқалам шебері», «Ойлы жас - ұлт болашағы», «Тұлға. Тарих. Тағылым» номинациялары берілді.
🔹Барлық жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтаймыз. Оқушыларды дайындаған жетекшілер мен ата-аналар қауымына алғыс білдіреміз.