«Әлем таныған Әуезов» облыстық шығармашылық байқауы өтті

2024 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде ағымдағы жылғы 17 қазанда жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында «Әлем таныған Әуезов» облыстық шығармашылық байқауы өтті.✅📌Мақсаты: Ұлы жазушы, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, ғылым қайраткері М.О. Әуезовтың шығармашылығын дәріптеу, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұраларының құндылықтарын түсіндіру, классик жазушының ұлы шығармалары арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту.🔹Міндеті: -талантты және дарынды балаларды анықтау;- оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту;- кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.✔️Өңірлерден жиналған жас өрендер 4 бағыт бойынша білімдері мен өнерлерін сынға салды.«М.Әуезовтің шығармаларынан сахналық қойылым» номинациясында жазушының прозалық шығармалары мен пьесаларынан қойылым көрсетті.«М.Әуезов шығармалары суретшілер көзімен» номинациясында ұлы суреткердің қаламынан шыққан туындыларынан үзінді оқи отырып, өз ойларын қылқаламмен бейнеледі.«Заңғар жазушы ізімен...» номинациясында «Әуезов әлемі және мен», «Ұлы жазушы ізімен» тақырыптарына шағын эссе жазды.«Мұхтарға жыр арнау бір бақыт...» номинациясында жас ақындар өлеңдерін оқыды.Қатысушылар Әуезов мұраларынан ұшан-теңіз тағылым алды.Барлық қатысушыларға байқауға қатысқандығын растайтын сертификат беріліп, жинаған ұпай саны бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.🔹М.О.Әуезовтың шығармашылығына қызығушылық танытып, байқауда белсенділік көрсеткен барлық қатысушыларға және жетекшілеріне алғыс білдіреміз.