ріктеу кезеңіне олимпиаданың бірінші кезеңінен өткен облыстың 825 оқушысы қатысады.
Облыстық (іріктеу) кезең дәстүрлі форматта бір турдан тұрады және аудан орталықтарында өтеді.
🔶Олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары (нәтижелерге сәйкес, әр пән мен сынып бойынша екіден артық емес) республикалық кезеңге қатысады: жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша 10-11(12) сынып оқушылары.
🔻Атап өтейік, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды.
📒Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.