2025 жылдың 1-2 мамыр аралығында Елордада “Дарын” Республикалық ғылыми-практикалық орталығының және “Білім Инновация” халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруыменжас қаламгерлер, әншілер, қылқалам және сөз шеберлері өзара сынға түсті. Астана қаласында қазақ тілінен ХІІІ “Жарқын болашақ” олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты талантты жастардың талантын шыңдау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, әдеби, рухани қазынамызды насихаттау Олимпиадаға 190 -ға жуық 7-11 сынып оқушылары қатысты, Абай облысынан додаға іріктеу кезеңінен дара шапқан 9 оқушы қатысып, керемет жетістік көрсетті:
🥇-орын
Мельников Петр Семей қаласы, 35 орта мектебінің 11-сынып оқушысы (Білгірлер бәйгесі).
🥈-орын:
Еменова Еркеназ Бесқарағай, Башкөл орта мектебінің, 9-сынып оқушысы (Жас қаламгер);
Айдынқызы Ұлпан
Ақсуат, Нұрбаев орта мектебі 10-сынып оқушысы ( Білгірлер бәйгесі);
🥉-орын:
Маулен Каусар Семей қаласы,4 мектептің 8-сынып оқушысы (әнші-бұлбұл);
Төкен Еділ Семей қаласы,
37 гимназиясының 10-сынып оқушысы (Сөз шебері); Грант иегерлері
1. Мельников Петр Шымкент қаласының Мирас университетінің гранты;
2. Саметов Беглан Абай атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы,
3. Әуелғазы Нұрзия Мақаншы, Қаратұма орта мектебініі 11-сынып оқушысы Атырау университетінің гранты. Абай облысының командасы дара шапқан команда болып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ұстаздарын, ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз!
