Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Астанада балалар қауіпсіздігі бойынша маңызды кездесу өтті

Астанада балалар қауіпсіздігі бойынша маңызды кездесу өтті

Дарын Орталығы

Астанада балалар қауіпсіздігі бойынша маңызды кездесу өтті.

2025 жылғы 20 қараша күні Maqsut Narikbayev университетінде «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзекті бағыттар» тақырыбында ел көлеміндегі балалар омбудсмендерінің қатысуымен ауқымды жиын өтті.
Бұл шараға ЮНИСЕФ өкілдері, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдер және 50-ден астам бала өкілдері қатысты.

Іс-шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қоры бірлесіп ұйымдастырды.
Закиева Динара Болатовна ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл құттықтау сөзінде балалардың әл-ауқаты мен құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Кездесу барысында:
🔹 балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды;
🔹 жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға арналған тренингтер өткізілді;
🔹 тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.

Біздің облыстан да жас өкілдер қатысып, маңызды білім мен құнды тәжірибе алды:
🌿 Мұсаева Зере Төлеуғалиқызы – Абай ауданы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ, 10-сынып оқушысы.
🌿 Кумпейсова Айназ Беделханқызы – Аягөз ауданы, «№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, 9-сынып оқушысы.
Жас өкілдер үшін бұл жиын – жаңа мүмкіндіктердің бастауы, ал балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз.