2025 жылдың 11 наурызында Абай және Жетісу облыстары білім басқармаларының ұйымдастыруымен қазақ тілі және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Авторлық бағдарлама мета-пәндік және жеке нәтижелерді қалыптастыру құралы ретінде» аймақтық вебинар ұйымдастырылды.
Іс-шараны өткізудегі басты мақсат озық тәжірибе алмасу және әдістемелік көмек көрсету болды. Вебинарға облыстық, республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарына жүлдегерлер дайындаған қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.
Бұл іс-шара екі өңірдің ғылымы мен білімін дамытудың маңызды қадамы болып табылады.
Вебинарға қатысушыларға және спикерлергешығармашылық табыс және еңбектеріне жеміс тілейміз!