Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Балалардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы облыстық семинардың өткізілетіндігін хабарлайды.

«Балалардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы облыстық семинардың өткізілетіндігін хабарлайды.

Дарын Орталығы

«Абай облысы білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде қалалық/аудандық білім бөлімдерінің «Qabilet» қызметін үйлестіруші әдіскерлеріне, педагог-психологтерге, педагог-профориентаторларға арналған «Балалардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы облыстық семинардың өткізілетіндігін хабарлайды.📢

🔹Іс-шара пленарлық және практикалық бөлімнен тұрады.

⚜️Пленарлық бөлім: «Балалар мен жасөспірімдердің қабілетін, дарандылығын диагностикалау және дамыту, зерттеудің теориялық, әдістемелік және қолданбалы мәселелері».

🔻Практикалық бөлім үш бағытта өтеді:

▫️- «Дарынды және талантты балалардың шығармашылық дамуына жағдай жасаудың тиімді жолдары»;
▫️- «Мектеп оқушыларының дарындылығының психологиялық- педагогикалық шарттары»;
▫️- «Инклюзивті орта жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дамыту жолдары».

📝Барлық қатысушылар саны – 70 адам. Оның ішінде: баяндамашылар – 12 адам, «Qabilet» қызметін үйлестіруші білім бөлімінің әдіскерлері – 10, мамандандырылған мектептердің маманы– 3, педагог-психологтер – 29, педагог-профориентаторлар – 16.