БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ-КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында облыстық тамыз кеңесі

2025 жылдың 21 тамызында Абай облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен «Қабілетті оқушылармен жұмыстың заманауи әдістері мен педагогтің кәсіби шеберлігін арттыру» №3 секциялық отырысы Семей қаласының № 51 жалпы орта білім беретін орта мектебінің базасында өткізілді. 

Секциялық отырысының мақсаты: 

Қатысушылар: Абай облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының директоры мен қызметкерлері, «Зерделі білім беру» орталығының директоры, Абай облысының ішкі саясат басқармасының «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының директоры, облыстық мамандандырылған мектептердің мұғалімдері, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті және «Alikhan Bokeikhan» университетінің оқытушылары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының орынбасарлары. 

Отырыс бағдарламасы бойынша құнды ақпараттарына тындаушылар қызығушылық танытты. 

         Отырыс соңында барлық қатысушылармен кері байланыс жүргізілді.