2025 жылғы 07-16 шілдеге дейін Беларусь Республикасының Минск облысындағы “Зубренок” Ұлттық балалар білім беру-сауықтыру орталығында өтетін “Достастықтың Балалары” атты халықаралық мәдени-танымдық форумға Абай облысының оқушылары аттанды.
🔸Бұл форум – жас ұрпақтың достығын нығайтып, түрлі елдердің мәдениетімен танысуға, шығармашылық пен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды алаң.
🔹Жас Қазақстандықтарымызға сәттілік пен жарқын әсерлер тілейміз!👏🏼
