«Абай облысының білім басқармасы» ММ Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, «Облыстық балалар биологиялық орталығымен» бірлесіп 2025 жылдың 16 сәуір күні «Ең креативті құс ұясы» облыстық
экологиялық байқауы өткізілді.
🔹Байқаудың мақсаты- оқушылардың құстарға, табиғатқа қамқорлық сезімін және мейірімін ояту, еңбекке баулу. Қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын ұстанып, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Байқауға білім беру ұйымдарынан 163 оқушы қатысты.
Оқушылар табиғи материалдарды және қалдық заттарды пайдалана отырып ұяшықтар жасады. Мектептің ауласындағы ағаштарға 10 мыңнан астам құс ұясы орнатылды.
🔹Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен бірлесе отырып құстарға жайлы ұяшықтар жасап, қамқорлық танытты.
Байқау қорытындысы бойынша:
1-4 сынып оқушылары арасында - 32 оқушы
5-8 сынып оқушылары арасында - 36 оқушы
9-11 сынып оқушылары арасында - 9 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз!
