Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Ғазиз Байтасовтың атындағы «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Ғазиз Байтасовтың атындағы «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Дарын Орталығы

⚜️2025 жылғы 7 қарашада Көкпекті ауданы білім бөлімінің «Үлкенбөкен орта мектебі» КММ мен Көкпекті ауданы полиция бөлімінің бірлесуімен Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың атындағы «Жас сақшы» сыныбы ашылды.

🔹«Жас сақшы» сыныбында 23 оқушы білім алады.
Бұл бастама балалар мен жасөспірімдердің жалпы қоғамдық тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар жас ұрпақты елге адал қызмет етуге, патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болды.