Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Ғылыми жобалар конкурсының Республикалық кезеңі (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) өтті

Ғылыми жобалар конкурсының Республикалық кезеңі (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) өтті

Дарын Орталығы

🎉 Жеңіс құтты болсын! Абай облысының жас зерттеушілері биіктен көрінді! 🏆
Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, «Дарын» облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 17-20 ақпан аралығында Қарағанды қаласындағы «№19 жалпы білім беретін мектебі» базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының Республикалық кезеңі (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) өтті. 🏫✨

🎯 Негізгі мақсат: Оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру және ғылыми ізденістерін қолдау.

Абай облысының намысын қорғауға 16 секция бойынша 12 жобамен 13 оқушы қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Нәтижесінде жерлестеріміз төмендегідей жүлделі орындарды иеленді: 🏅

🥇 І дәрежелі диплом:

Антоненко Алексей – Семей қаласы, «№10 жалпы орта білім беретін мектебінің» 9-сынып оқушысы. 🌟

🥈 ІІ дәрежелі диплом:

Базарканова Айгерім – Семей қаласы, «Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы білім беретін мектебінің» 8-сынып оқушысы; 🥈

Мағзұмбек Арнұр – Жарма ауданы, «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының» 10-сынып оқушысы. 🥈

🥉 ІІІ дәрежелі диплом:

Кайсагалиева Лилия – Бородулиха ауданы, «Жезкент кентінің мектеп-лицейінің» 10-сынып оқушысы; 🥉

Абалгазинова Дарина – Бесқарағай ауданы, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің» 9-сынып оқушысы; 🥉

Срайлова Аяжан – Аягөз ауданы, «К. Қадыржанов атындағы Қызылқия жалпы орта білім беретін мектебінің» 10-сынып оқушысы. 🥉

📜 Грамота:

Жақсылыкова Аңса – Семей қаласы, «№36 жалпы орта білім беретін мектебінің» 11-сынып оқушысы; ✨

Үсенов Фархат – Жарма ауданы, «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының» 10-сынып оқушысы. ✨

🎊 Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 💐
Жас зерттеушілерімізге алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз! 🚀📚