Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO–2026) өтті

ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO–2026) өтті

Дарын Орталығы

🏛️2026 жылғы 10–15 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO–2026) өтті.
🖇️Халықаралық олимпиадаға әлемнің 16 елінен 612 дарынды оқушы қатысып, өзара білім мен біліктіліктерін сарапқа салды. Бұл олимпиада жасөспірімдердің ғылыми ойлау қабілетін дамытуға және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін беделді жарыстардың бірі болып табылады.
Олимпиадаға Абай облысынан 7 оқушы қатысып, өңір намысын лайықты деңгейде қорғады. Сонымен қатар, Қазақстанның құрама командасының мүшесі Семей қаласындағы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Мендеке Әли ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысып, ІІ орын иеленіп, күміс медальмен марапатталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Семей қаласындағы «Білім-инновация» лицейінің:
• 10-сынып оқушысы Дастанұлы Мағжан — ІІ орын (күміс медаль),
• 11-сынып оқушысы Жүнүсов Темірлан — ІІІ орын (қола медаль) иегері атанды.
Нәтижесінде Абай облысының қоржынында 2 күміс және 1 қола медаль бар.

Жүлдегер атанған оқушыларды, сондай-ақ оларды дайындаған ұстаздарды жоғары жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы білім додаларында табыс тілейміз.