🔊Абай облысының намысын қорғауға Семей бойынша білім бөлімінің «Қ.Сәтпаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ оқушылары Стасюк Илья, Советханов Искандер, Галузова Алла қатысып отыр.
☑️Спартакиаданың мақсаты міндеттері: тәрбиеленушілерді арасында жан-жақты дамуын жетілдіру, әскери қызметке дайындау үшін олардың дене шынықтыру дайындығын және моральдық-психологиялық қасиеттерін жоғарылату мақсатында өткізіледі.
🔻Жарыс Президенттік көпсайыс жарыстарының (спорт түрлері бойынша) ережелеріне сәйкес Президенттік тест тапсырады:
1. Пневматикалық мылтықтан ату жарысы;
2. Президенттік тест (ұлдарға белтемірде тартылу, қыздарға – арқаға жатып денені көтеру);
3. Президенттік тест (3000 м. шаңғы жарысы).
💬2024 жылғы 25 ақпандағы өткен пневматикалық мылтықтан ату жарысынан жекелей Советханов Искандер 🥉3 орынды жеңіп алды.
Республикалық «Қалқан» қысқы спартакиадасы қатысушыларымызға тек сәттілік тілейміз!👏🏻