«JAS SARBAZ CHESS CUP-2025» шахмат турнирінің облыстық кезеңі өтті
⚜️Абай облысы білім басқармасының 2025 жылға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 21 қарашасында «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алаш-Орда ұлттық автономиясының халықтық кеңесінің төрағасы Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған Республикалық «JAS SARBAZ CHESS CUP-2025» шахмат турнирінің облыстық кезеңі Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығы», «Alikhan Bokeikhan University» ББМ әскери кафедрасы, Абай облысының шахмат федерациясының ұйымдастыруларымен өтті.
Облыстық «JAS SARBAZ CHESS CUP-2025» шахмат турниріне қала, аудандардан «Жас сарбаз» сыныптары мен әскери-патриоттық клубтарынан 11 ұл, 10 қыз бала қатысты.
🔹Турнирдің ашылуы кезеңінде Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығы» директорының орынбасары Карипбаева Лаура Төлегенқызы, «Alikhan Bokeikhan University» ББМ әскери кафедрасының бастығы полковник Егенбердиев Мұрат Усенұлы, Қарулы күштер ардагері: Адильбаев Дарын Есентайұлы, Шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша төрағасы запастағы подполковник Анарбек Еркінұлы Еркешев турнир қатысушыларына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
🔹Облыстық «JAS SARBAZ CHESS CUP-2025» шахмат турнирі аясында жетекшілерге әскери кафедраның тұрмыс тіршілігі және оқу қару жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды.
Турнирі қортындысы бойынша:
қыздар арасында:
I орын – Нұржанқызы Шырын, Аягөз ауданы;
II орын – Серікбол Аяулым, Мақаншы ауданы;
III орын -Тұрсынбаева Дана, Семей қаласы.
ұлдар арасында:
I орын – Глухов Никита, Бородулиха ауданы;
II орын -Тлеуберді Бейбарыс, Мақаншы ауданы;
III орын -Сәлімбаев Аңсар, Жаңасемей ауданы.
Командалық есеп бойынша:
I орын – Мақаншы ауданы;
II орын – Бородулиха ауданы;
III орын - Аягөз ауданы.
Жеке есеп бойынша жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапатталды, сондай-ақ «Alikhan Bokeikhan University» президентінің атынан кубоктар, дипломдар мен сертификаттар берілді.