Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың қорытындысы

2025 жылдың 21-24 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты базасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы өтті. 

Оған еліміздің әр аймағынан өңірлік іріктеу кезеңінен өткен  9-11 сыныптың 200-ге жуық оқушысы қатысты. Абай облысынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары болған жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сыныптарынан 7 оқушы қатысты.

Олимпиаданың республикалық кезеңі эссе жазу мен сұрақтарға ауызша жауап беруді қамтитын екі кезеңнен тұрды. 

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 2 оқушы күміс,  4 оқушы қола медальға ие болды. 

II орын - Оралханова Диана Абай ауданы, «ЖББ Қарауыл гимназиясы” КММ 10-сынып;

II орын - Серікқазы Іңкәр Семей қаласы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ 10 сынып; 

III орын- Қанағат Дильназ Абай ауданы, «М.О Әуезов атындағы орта мектебі» КММ 11-сынып;

III орын - Амангелдинова Айсу  «Абай атындағы мамандандырылған мектеп гимназия -интернаты» КММ 11-сынып;

III орын - Мұсаева Зере Абай ауданы, «М.Әуезов атындағы орта мектебі” КММ 9 сынып;

III орын - Есболқызы Таңнұр Үржар ауданы, “Қ.Игенбайұлы атындағы орта мектеп бақшасы” КММ 10сынып.

Сонымен қатар, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті ректорының білім гранты  «Абай атындағы мамандандырылған мектеп гимназия -интернаты» КММ, 11-сынып оқушысы Амангелдинова Айсуға берілді.

 

 

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!