🔗Олимпиада 2 кезеңнен тұрды:
▫️І кезең - жазбаша - эссе;
▫️ІІ кезең - жазбаша - қазақтілі,
қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қанипа Бітібаеваның өмірбаяны мен оның ғылыми мұрасы, публицистикалық еңбектерін білуі бойынша.
♦️Олимпиадаға облыстың, аудан, қалаларынан 9-11 сынып оқитын 38 оқушысы қатысты.
📣Олимпиаданың ашылу салтанаты «Абай облысы Білім басқармасы» ММ Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының директоры Оспанова Светлана Сағидоллаевнаның сөзімен басталды.
🔻«Балауса» бишілер тобының «Наурыз» биімен ұласып, Хан апаның ізбасарларының бірі, Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясының директоры Малгаждарова Жанат Зейнелқызы мен «Ғасырұстазы», «Аңызұстаз», «Қазақтың Қанипасы» атындағы атаулы зертхананың жетекшісі Жакенова Құралай Құралтайқызы ізгі тілектерін білдірді.
▫️Академик Қанипа Бітібаева атындағы атаулы зертхана туралы бейнеролик көрсетіліп, Хан апа зертханасы алаңында ашылған «Қанипа әлемі» үйірме мүшелерінің мәнерлеп оқу шеберлігі мен жалғасын тапты.
▫️«Өнерге қанат қаққандар» тобы мен «Қанипа әлемі» үйірме мүшелерінің орындауында Айнұр Жаппарқұлованың сөзіне жазылған, Ержанұлы Досжанның «Сарқылмайтын сағынышым – Хан Апа» әнімен аяқталды.
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын көрсетілген сілтеме арқылы көре аласыздар.
https://abaidaryn.kz/kz/categories/hattamalar/k-bytybaeva-atyndaggy-kazak-tyly-men-aedebietynen-respublikalyk-olimpiadanyn-oblystyk-kezenynyn-hattamasy-2024-04-12?view=yes