Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытындысы


🔗Олимпиадаға ағылшын тілі, қазақстан тарихы, құқық негіздері, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі бойынша облысымыздың мектептерінен 18 оқушы қатысып, соның ішінде 6 оқушы жеңімпаз атанды. 1 оқушы грамотамен марапатталды.

🔻Атап айтқанда👇🏻
🥇І орын – Жұмабай Ерасыл, «Білім-Инновация» лицейі, 10 сынып оқушысы;
🥈ІІ орын –Ильясова Айсұлу, «Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназия» КММ, 10 сынып оқушысы; Калыкбаева Зарема, Семей қаласының №6 гимназиясы, 10 сынып оқушысы;
🥉ІІІ орын - Сүлейменов Нұрали, «Білім-Инновация» лицейі, 10 сынып оқушысы; Шабакбаева Диана, Семей қаласы, «№15 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, 11 сынып оқушысы; Сайлаубекова Гүлнұр, «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» КММ, Абай ауданы.
▫️Грамота – Байболат Мәди, «Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ, 11 сынып оқушысы, Ерланұлы Нұрислам, «Білім-Инновация» лицейі, 10 сынып оқушысы.

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша 🥇І орын алған Бородулиха ауданы, «Ы.Алтынсарин атындағы атындағы орта мектебі» КММ, 11 сынып оқушысы Германова Юлияға 🏆«Үздік ауыл мектебінің оқушысы-2024» атағы берілді.

📍Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Абай облысының қоржынында 14 медаль:
🥇Алтын - 3
🥈Күміс - 5
🥉Қола - 6​

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!💐