2025 жылғы 4 шілдеде Көкшетау қаласындағы Абылай хан алаңында «Жас құтқарушы» республикалық слетінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
🔹Слет аясында еліміздің барлық өңірлерінен келген жас құтқарушылар түрлі жарыс түрлері бойынша өз білімдері мен шеберліктерін сынады. Қатысушылар төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету, алғашқы медициналық көмек көрсету, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және командалық үйлесімділік бойынша жарысты.
🔹Слеттің қорытындысы бойынша Абай облысының намысын қорғаған «Орион жас құтқарушы» командасы «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» жарысында жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
🔹Абай облысының жас құтқарушылары өздерінің мықты дайындықтарын, теориялық білімдері мен тәжірбиелік дағдыларын көрсетіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл жеңіс – жас ұрпақтың төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі кәсіби әрекет етуге қабілетті екенін дәлелдейді.
