«Көшбасшылар: Патриот болу – парызымыз!» облыстық форумы
📢 «Көшбасшылар: Патриот болу – парызымыз!» облыстық форумы
2026 жылғы 4 наурыз күні Shakarim University-мен бірлесе отырып, үздік еріктілер топтарының қатысуымен облыстық форум өткізілді.
Форумға аудандық және қалалық еріктілер қозғалысының жетекшілері мен белсенді жастардан құралған 130 қатысушы жиналды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында патриоттық құндылықтарды насихаттау, еріктілік қызметтің аясын кеңейту және үздік тәжірибелермен бөлісу.
Форум барысында:
🔹 балалар құқықтарын қорғау және жастарды қоғамдық жұмысқа тарту бағытындағы UNICEF бағдарламаларының тәжірибесі таныстырылды;
🔹 жас көшбасшылардың тұлғалық дамуы мен қоғамдық белсенділігі туралы мазмұнды ой-пікірлер айтылды;
🔹 экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қарттарға қолдау көрсету, ауыл жастарын дамыту, қалдықтарды қайта өңдеу және «Жасыл мектеп» жобалары аясындағы үздік бастамалар ұсынылды.
Форум – тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар ұсынуға және серіктестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.
✨ Жастардың белсенділігі – қоғам дамуының кепілі!
🇰🇿 Патриот болу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз!