«КӨШБАСШЫЛАР: ПАТРИОТ БОЛУ – ПАРЫЗЫМЫЗ!» ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ
🔹2026 жылғы 4 наурыз күні Шәкәрім университетімен бірлесе үздік еріктілер топтарының облыстық форумы өтеді.
Форумға аудандық және қалалық еріктілер қозғалысының жетекшілері мен белсенді жастары қатысып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Жалпы қатысушылар саны 130.
📍Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында патриоттық құндылықтарды нығайту, еріктілік мәдениетін дамыту және көшбасшылық қабілеттерді қолдау.
Форум барысында:
ЮНИСЕФ бағдарламалары аясында балалар құқықтарын қорғау және жастарды қоғамдық қызметке тарту тәжірибесі таныстырылады;
Тұлғалық даму мен қоғамдық белсенділік тақырыптары қозғалады;
Экологиялық жобалар, қарттарға көмек, ауыл жастарын қолдау және «Жасыл мектеп» бастамалары ұсынылады.
ФОРУМ – жаңа идеялар мен игі бастамалардың алаңына айналады.
Белсенді жастар – ел болашағының жарқын кепілі!