Мақсаты:
-жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру;
-Қазақстан Республикасының қорғаушыларын даярлау;
-салауатты өмір салтын насихаттау;
-турнир әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту және насихаттау;
-спортшылардың тактикалық және техникалық шеберлігін арттыру;
-жастарды спортпен шұғылдануға тарту;
-"Айбын-2025" әскери-патриоттық жастар жиынына қатысуға мықты жеңімпаздарды анықтау.
🔶Әскери-спорттық турнирін ұйымдастыру:
Әскери-спорттық турнирге жалпы басшылықты Абай облысының білім басқармасы жүзеге асырады.
Облыстық әскери-спорттық турнирге «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚҚ, «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейі интернаты» КММ өткізеді.
🔶Қатысушылар:
Турнирге аудандар, қалалардың «Жас сарбаз сыныптары мен әскери-патриоттық клубтарының командалары, 9-10 сынып оқушылары қатысады.
Команданың сандық құрамы - 7 қатысушы (5 ұл, 2 қыз) және 1 жетекші.
🔶Турнир бағдарламасы:
Ұлы Отан соғысы кезіндегі патриоттық әннің сахналанған «Ерлікке жүрегіңмен жақында» сайыс–байқауы. Барлық команда қатысады.
Әскери-спорттық бағдарламаға әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар:
1. Белтемірге тартылу - 5 қатысушы (ұлдар);
2. 1 минут ішінде арқаға жатып денені көтеру - 2 қатысушы (қыздар);
3. Пневматикалық мылтықтан ату – 2 қатысушы (2 ұл, 2 қыз);
4. АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау - 4 қатысушы (2 ұл, 2 қыз);
5. Ф-1 гранатасын нысанаға лақтыру - 2 қатысушы (1ұл, 1қыз);
6. Әскерилендірілген эстафета - 5 қатысушы (4 ұл,1 қыз);
7. 1500 метрге жүгіру – 5 қатысушы (ұлдар);
8. 500 метрге жүгіру – 2 қатысушы (қыздар).
🏆Марапаттау:
Жалпы есепте жеңімпаз командалар дипломдармен, кубоктармен марапатталады. Жекелей сында жүлделі орынға ие болған қатысушылар дипломдармен және медальдармен марапатталады, барлық командаларға жарысқа қатысқанын растайтын сертификат беріледі.