Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңі өтті
⚜️2025 жылдың 24 қарашы Семей қаласының «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
🔹Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың «Қолданбалы филология» пәнін оқуға қызығушылығын ынталандыру, жалпы білім беруде ой-өрістерін дамыту, ғылыми білімді насихаттау, лингвистикадан республикалық, халықаралық олимпиадаға қатысу үшін Олимпиада резервін құру.
🔶Жалпы олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары атанған облысымыздың мектептерінің 8-11(12) сынып оқушылар арасынан 60-қа жуық оқушы қатысты.
🔻Олимпиаданың қорытындысын Abai_daryn.kz сайтынан көре аласыздар.
🔹Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!