Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

“ЛингвоЛэнд” облыстық интеллектуалдық конкурсы қашықтықтан өткізіледі

“ЛингвоЛэнд” облыстық интеллектуалдық конкурсы қашықтықтан өткізіледі

Дарын Орталығы

🔊“ЛингвоЛэнд” облыстық интеллектуалдық конкурсы 2025 жылғы 11 желтоқсанда барлық білім беру мекемелерінің базасында қашықтықтан өткізіледі.
🔹Тапсырмалар орыс және ағылшын тілі пәндері бойынша қамтылған.
🗂️Мақсаты: Білім алушылардың танымдық белсенділігін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ орыс тілі мен ағылшын тілдерін үйренуге қызығушылықты арттыру
📚Міндеттері:
* оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және тілдік түйсігін дамыту;
* сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
* ана тілін және шет тілдерін үйренуге ынталандыруды қалыптастыру;
* тіл саласында ерекше қабілеттерін көрсететін оқушыларды анықтау және қолдау;
* оқушылардың зияткерлік дамуына жағдай жасау.
Қатысушылар:
(3-4 сынып, 5-8 сынып, 9-11 сынып оқушылары).
Оқушылар конкурстың бір және екі пәндік секцияларына қатыса алады.
Қатысу ерікті болып табылады.
«LingvoLand» – бұл тілдік білімге деген қызығушылықтың, шабыттың, жаңашылдық пен зияткерліктің үйлесімі. Конкурсқа қатысып, әр бала өз дарынын көрсетіп, орыс және ағылшын тіліндегі білімін шыңдауға зор мүмкіндік алады.

Қосымша ақпарат үшін байланыс тел: 87785725683
Аталған іс-шара қорытындысы ДпҚББДОҒӘ «Дарын орталығы» КМҚК инстаграмында, abaidaryn.kz сайтында жарияланады