Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі

«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі

Дарын Орталығы

🔊2026 жылдың 27 қаңтар күні жалпы орта білім беретін 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі.
Өтетін орны: Семей қаласы, №10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Мақсаты мен міндеті:
философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту;
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туындыларындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойында сіңіру.
Байқау 5 бағыт бойынша өткізіледі.
1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – ақындар мүшәйрасы,
2. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми зерттеу жобасын қорғау,
3. «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» – эссе жазу,
4. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар,
5. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар.
📞Қосымша ақпарат алу үшін байланыс тел: 87082397024