«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті
✨Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
2026 жылдың 27 қаңтар күні 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі Семей қаласының «№ 10 жалпы орта білім беретін мектебі» базасында өтті.✨
🔗Конкурстың облыстық кезеңіне Абай облысының жалпы білім беру мекемелерінен 61 оқушы қатысты
Нәтижесінде:
⚡️«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – ақындар мүшәйрасы бағыты бойынша:
🌟Бас жүлде – Әділбекұлы Досжан, Ақсуат ауданы, Қ. Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебінің 11-сынып оқушысы,
🥇 орын – Серғазинова Әлия, Жаңасемей ауданы, Талица жалпы негізгі білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
🥈орын – Тәртіпқали Еркебұлан, Абай ауданы, Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясының 8 -сынып оқушысы;
🥈 орын – Уалханова Дария, Абай ауданы, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 9-сынып оқушысы;
🥉орын – Арманова Аяжан, Көкпекті ауданы, Көкжайық орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
🥉 орын – Жабаев Мерлан, Семей қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.