«Мектеп спорты-оқушының салауатты өмірінің кепілі» тақырыбында әдіскерлер мен дене шынықтыру педагогтеріне арналған семинар өтті
🏛️2025 жылдың 09 желтоқсан күні «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК әдістемелік жоспарына сәйкес, Семей қаласы «№49 ЖОББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мектеп спорты-оқушының салауатты өмірінің кепілі» тақырыбында әдіскерлер мен дене шынықтыру педагогтеріне арналған семинар өтті. Семинарға Абай облысының қалалары мен аудандардан әдіскерлер және мектептердің дене шынықтыру пән мұғалімдері қатысты. Семинардың салтанатты ашылуы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы директорының орынбасары Л.Карипбаеваның алғы сөзімен басталды.
📑 Бағдарламаға сәйкес дене шынықтыру мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:
1. «Ұлттық мектеп лигасының облыстык кезеңіндегі баскетбол: қазіргі жағдайы және болашағы» тақырыбында Семей қаласы «№51 ЖОББМ» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мурсалимов Р.М.
2. «Ұлттық мектеп лигасы аясындағы спорт түрлерін дамыту – мектеп дене шынықтыру жұмысының басты бағыты» тақырыбында Семей қаласы «Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Омаргазин К.К.
3. Өлкетану, туризм және спортты дамыту бөлімінің басшысы Б.М Какебаев Ұлттық мектеп лигасы 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша есеп берді. Облыстық ұлттық мектеп лигасы жарысына жалпы командалық есепте белсене қатысып, 1, 2, 3 орынға ие болған Семей қаласы, Жарма, Үржар аудандары Абай облысының білім басқармасының және «Дарын» орталығының Грамотасымен марапатталды.
🥏Спорттық білім беру мазмұнын жетілдіруді көздеген баяндамалар мен ұсыныстар алдағы уақытта облыс мектептеріндегі дене шынықтыру жұмысының сапасын арттыруға, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосады.
🔹 Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар мектеп спорты мен оқушылар денсаулығын нығайту бағытындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыруға ортақ ой-пікірлерін білдіріп, іс-шара жоғары деңгейде өтті.