Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Мен өзіме сенемін, жетістікке жетемін» психологиялық тренингін өткізді

«Мен өзіме сенемін, жетістікке жетемін» психологиялық тренингін өткізді

Дарын Орталығы

🏛️Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми - әдістемелік «Дарын» орталығы ағымдағы жылдың 28 қазанында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңінің қатысушыларымен «Мен өзіме сенемін, жетістікке жетемін» психологиялық тренингін өткізді.

⚜️Оқушылар «психологиялық денсаулық» ұғымымен танысып, тән саулығы мен жан саулығының бірлігінің маңыздылығы туралы ақпарат алды. Психологиялық дені сау адам - шығармашыл, өмірге құштар, ашық, көңілді, қоршаған ортасының сезімдерін бөлісе алатын адам. Балалар психологиялық жаттығуларды қызығушылықпен орындап, өз ойларын еркін білдіріп, өзара достық, ынтымақтастық қарым-қатынас орната білді.

🔗Оқушыларға тренингті ұйымдастырып өткізген педагог-психологтер, әдіскерлер: Тлеубердиева Назгуль Дюсуповна, Балпашова Гульнур Жанатовна, Хажибаева Жанар Кенесбековна.

Оқушыларымыздың биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз.