«Менің көңіл күйім» тренингі өткізілді
Дарын Орталығы
Жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушыларына арналған Ж.Базенұлы атындағы математика, физика пәні бойынша облыстық зияткерлік олимпиадасы қатысушыларына психологиялық қолдау мақсатында тренинг жаттығулары жүргізілді.
📌Тренинг тақырыбы: «Менің көңіл күйім»
🔸Тренингтің мақсаты: жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатытынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту. Эмоционалдық көңіл күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру