«Менің мектебім-эко-friendly» облыстық қашықтықтан байқауы өткізіледі
✔️«Менің мектебім-эко-friendly» облыстық қашықтықтан байқауы 2026 жылдың 2-17 ақпан аралығында өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың табиғатқа құндылық қатынасын қалыптастыру, зерттеу қабілеттерін дамыту, экологиялық білім деңгейін арттыру.
Байқаудың міндеттері:
- білім алушылардың жоғары экологиялық мәдениеті мен білімін қалыптастыру;
- қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуде білім алушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру;
- жас табиғат зерттеушілерінің тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Мен зерттеушімін» номинациясы. Жас зерттеушілер өздерінің идеяларынан туындаған шығармашылық қабілеттерін тәжірибе нәтижелері арқылы жүзеге асырады. Жұмыс экологиялық мәселенің маңыздылығы мен өзектілігін, негізділігін шешуге бағытталған болуы тиіс.
«Туған өлкемнің болашағы» - эссе байқауы. Туған жер табиғатының бүтіндігін сақтау үшін, адамның моральдық, этикалық дағдыларын өзгертіп, табиғат пен адам арасында жаңа көзқарас қалыптастыру және табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру, жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, көркем киелі табиғатымызды аялап, баптау маңыздылығы туралы өз ойларын жеткізу. Орман массивтерін сақтау, су ресурстарын қорғау, ауа тазарту жүйесін дамыту, жерді қорғау және тазарту мәселелеріне ой қозғау.