«Менің Отаным-Қазақстан» атты облыстық жас патриоттар форумы өтті
🔹2025 жылдың 14 қарашада Семей қаласында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Семей қаласы филиалында (Ауезов көшесі 95) «Менің Отаным-Қазақстан» атты облыстық жас патриоттар форумы өтті.
Форумға Абай облысының күштік құрылымдарының өкілдері, білім бөлімдерінің әскери бағыттағы әдіскерлері, әскери жетекшілер, «Жас сарбаз», «Жас сақшы», «Жас құтқарушы сыныптары, «Жас Ұлан» тәрбиеленушілері, «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының қатысушылары жетекшілері, 300 адам қамтылды.
Форум барысында төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникасы мен құтқару құрал жабдықтары көрсетілді. Әскери қару-жарақтары мен әскери киім-кешек көрмесі, жедел әрекет етудің арнайы жасағының қару-жарақ көрмесі, «Арлан» арнайы жасағының қару-жарақ көрмесі, «Даңқ» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы тарихы мұражайлары, «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының жетістіктерімен танысу ұйымдастырылды. «Жас Ұлан» тәрбиеленушілерінің саптық дайындық көрінісі мен «Тамыры терең тарихтан жарқын болашаққа» атты тарихи-зерттеушілік «Жеті дара» экспедицияға қатысушыларының қойылымы ұсынылды.
Форумға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және құқықтық идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары: полковник Бозгулов Елдос Амірбекұлы, Абай облысының қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Омаров Руслан Серікханұлы, •Абай облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Нускенова Асем Хасенқызы, Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының өкілі Кунафин Азамат Қанатұлы қатысып, форум қатысушыларына Қазақстан Республикасының күштік құрылымдарының беделін көтеріп, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиесімен білімін биік деңгейге жеткізу, Отансүйгіштік рухта өз елінің нағыз қорғаушысы болуға тәрбиелеу бойынша сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Форумда Абай облысы аудандары мен қалаларында мамандырылған «Жас сарбаз» сыныптарының ашылуына қолдау көрсетіп өз үлестерін қосып жүрген білім беру мекемелерінің басшылармен жетекшілерін, «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынын жеңімпаздары «Жалынды жас патриот» төсбелгісімен марапатталды.