Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Мейірімді жүрек» акциясы өткізіледі

«Мейірімді жүрек» акциясы өткізіледі

Дарын Орталығы

🔹5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күніне арналған «Мейірімді жүрек» акциясы🔹

5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күніне арналған 2025 жылдың 2-5 желтоқсан аралығында «Мейірімді жүрек» акциясы өткізіледі.📍

📌Мақсаты:
Оқушылар арасында мейірімділік, қайырымдылық және еріктілік құндылықтарын дамыту, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, қарттарға және ерекше күтімді қажет ететін балаларға қолдау көрсету, мектептегі еріктілер қозғалысын жандандыру.

📌Ережелері:
➢ 1–11 сынып оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар қатыса алады. Қатысу ерікті түрде жүзеге асады.
➢ Барлық еріктілер қауіпсіздік нұсқаулығымен танысып, мұғалімдердің жетекшілігімен әрекет етеді.
➢ Еріктілерге жауапты мұғалім тапсырмаларды бөліп береді.

📌 Бағыттары:
➢ Қайырымдылық себеті: аз қамтылған оқушыларға көмек: мектеп құралдары, киім-кешек, кітаптар жинау.
➢ Мейірімді іс: қарттарға және жалғызбасты адамдарға үй шаруасына көмектесу (ата-аналар мен мұғалімдер бақылауымен ерікті түрде).
➢ Жылы сөз хаттары: қарттар үйіне және балалар орталықтарына арналған қолдау хаттарын жазу.
➢ Сынып бөлмелерін көркейту: гүл егу, сынып бөлмелерін ретке келтіру.