«Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі жоғары деңгейде өтті
🏔️ Мұқағали Мақатаев – 95 жыл: Жыр әлемінің мұзбалағына тағзым! ✍️
Биыл қазақ поэзиясының ақиық ақыны, «ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келгеніне 95 жыл толды. Осы айтулы мерекеге орай, Семей қаласының «№ 21 жалпы орта білім беретін мектебі» базасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі жоғары деңгейде өтті. 🌟
🎶 Байқаудың ерекше сәттері:
Байқауға Абай облысының түкпір-түкпірінен 41 оқушы қатысып, бақ сынасты. 🎓
Құрметті қонақ ретінде «Парасат» орденінің иегері, әнші-сазгер Гүлдана Ноғайбаева келіп, жиналған қауымға әннен шашу шашты. 🎤✨
Қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында арнайы арт-терапия жүргізілді. 🎨🧠
🏆 Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
🎤 «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты:
І орын: Сүлейменова Сабина (Абай ауданы, 8-сынып) 🥇
ІІ орын: Дулатова Махфузе, Жұманова Нұрай, Мәдетханова Маржан 🥈
ІІІ орын: Тұрсынғазы Сезім, Әлібек Айару, Бейсенова Айзере 🥉
📜 «Жыр эстафетасы» бағыты:
І орын: Мусаева Іңкәр (Аягөз ауданы, 10-сынып) 🥇
ІІ орын: Қабдрашитова Аяжан, Ғабитқызы Айзере 🥈
ІІІ орын: Бахтияр Алина, Қадырғажы Балым 🥉
✍️ «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» бағыты:
І орын: Саяқан Азамат (Жарма ауданы, 11-сынып) 🥇
ІІ орын: Қасенбай Ілияс, Жабаев Мерлан, Қайроллаева Дильназ 🥈
ІІІ орын: Түсіпханқанқызы Інжу, Хамит Шұғыла, Автор Жанәбіл, Жақанбай Еңлік 🥉
🎸 «Дариға, домбырамды берші маған» бағыты:
І орын: Даулетканов Султанали (Семей қаласы, «Жас Ұлан», 8-сынып) 🥇
ІІ орын: Қасым Ислам, Қуаныш Еларыс, Уралов Сымбат 🥈
ІІІ орын: Маданиатова Аружан, Кокумбаева Елназ, Сағынбек Нұргелді, Унженин Кирилл 🥉
🚀 І орын иегерлері байқаудың Республикалық кезеңіне жолдама алды! Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! 💐🇰🇿