
Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды.
Олимпиаданың басты мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.
Олимпиада қатысушылары - Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 6-сынып оқушылары.
Олимпиаданың II кезеңі 28-30 сәуір күндері өтті, ал бүгін республика бойынша ең жоғары балл жинаған 1000 жеңімпаз баланың қатарынан орын тауып, өз білімдерін көрсетіп, жеңімпаз атанған оқушыларымызды құттықтаймыз. Олар дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, оның ішінде Дарын, БИЛ мектептерінде білім алу мүмкіндігіне ие болды:
- Жарма ауданы – 6 оқушы
- Үржар ауданы – 6 оқушы
- Ақсуат ауданы – 3 оқушы
- Аягөз ауданы – 3 оқушы
- Абай ауданы – 2 оқушы
- Көкпекті ауданы - 1 оқушы
- Мақаншы ауданы – 1 оқушы
- Жаңа Семей ауданы– 1 оқушы.