«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы


Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы.
Олимпиадаға қатысушылар: Қазақстан Республикасы ауыл мекендерінде білім алатын 6-сынып оқушылары.
Өту мерзімі және уақыты:
I кезең – 7-11 сәуір 2025 жыл.
II кезең – 28-30 сәуір 2025 жыл.
Өту формасы: онлайн, прокторинг арқылы.
Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы «El Umiti» Қоры» Корпоративтік қорының бастамасы аясында еліміздің белсенді әрі дарынды жастарын қолдау мақсатында жүзеге асырылады.
«Мың бала» олимпиадасының мақсаты — жыл сайын ауылдық жерлерде оқитын 6-сынып оқушылары арасынан ең қабілетті деген оқушыларды анықтап, олардың еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде білім алуына мүмкіндік беру. Осылайша ауылдық жерлерде оқитын оқушылардың қабілетін дамытуға тең жағдай жасалады.
Олимпиадаға 1921 бала тіркеліп, I кезеңге 1773 оқушы қатысты. Ал II кезеңге 157 бала өтіп, оның 151-і білімін сынады. Екінші кезең қатысушыларының 23- і математикалық сауаттылық, қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін оқушылар үшін), орыс тілі (оқыту орыс тілінде жүргізілетін оқушылар үшін), ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша жоғары көрсеткіш көрсетті, яғни жеңімпаз атанды. Жеңімпаз оқушылар республикамыздың мамандандырылған білім беру мекемелерінде оқуға мүмкіндік алды, ерікті түрде жеке кабинеттерінде өтініш қалдыру арқылы аталмыш мектептерде білім ала алады.