«Облыстық балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытудың перспективалары мен стратегиялық бағыттары» Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні «Alikhan Bokeikhan University» университетімен бірлесіп «Облыстағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытудың перспективалары мен стратегиялық бағыттары» тақырыбында үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.
🔹Бұл қозғалыстың негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық дәстүрлері негізінде жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.
🔹Абай облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Нускенова Асем Хасеновнаның қатысуымен өткен кеңес отырысында балалар мен жасөспірімдер қозғалысының жай-күйі мен даму перспективалары талқыланып, жұмыс жоспарына талдау жасалды.
​🔹Кеңеске облыстық Абай кітапханасының директоры, Абай облысы мәслихатының депутаты Қарт Мерей Мейртайұлы, Абай облысы балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі, облыстық маслихат депутаты Солтабаева Эльзира Ауезхановна, «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы директоры Толеуканов Айдос Абылғазыұлы, «Alikhan Bokeikhan University» тәрбие жұмысы және әлеуеттік мәселелер жөніндегі проректоры Базенов Айрат Базенұлы және аудандық/қалалық балалар мен жасөспірімдер қозғалысының үйлестірушілері қатысты.
🔹Кеңесте айтылған барлық мәселелерге талдау жасай отырып, балалар мен жастарды қоғамдық маңызы бар жобаларға кеңінен тарту, шығармашылық бастамаларды қолдау, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында көшбасшылық қасиеттерді дамытуға баса назар аудара отырып, балалар мен жасөспірімдер қозғалысын жетілдіру жолдары қабылданды.
🔹Кеңес жұмысы соңында оқушылар арасында түрлі іс-шараларды өткізуде жүйелілікті қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп пысықтау, балалар мен жасөспірімдер қозғалысы мүшелерінің бірлескен іс-қимылын үйлестіру шараларын айқындау туралы шешім қабылданды.