Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Облыстық «QUIZ» ойыны өтті

Облыстық «QUIZ» ойыны өтті

Дарын Орталығы

2026 жылғы 13 ақпан күні 🎓 Shakarim University базасында өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары арасында облыстық «QUIZ» ойыны өтті 🧠✨
Аталған зияткерлік сайысқа аудан және қалалардан 11 команда, барлығы 40-қа жуық білім беру мекемелерінің өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары мен мектеп оқушылары қатысты 👥📚
Ойын барысында 7 кезеңнен тұратын заң және тәртіп ⚖️, мектеп бағдарламасы 📖, сондай-ақ әртүрлі тақырыптар бойынша қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылды. Қатысушылар білімдері мен тапқырлықтарын жоғары деңгейде көрсете білді 🔥👏
🏆 Ойын нәтижелері:
🌟 «Ең креативті» команда –
Мақаншы ауданы, «Найманбай атындағы орта мектебі» КММ, «Парасат» командасы 🎨✨
🎭 «Үздік эстетикалық» команда –
Аягөз ауданы, «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Жас демократ» командасы 💫
🥇 I орын –
Жаңасемей ауданы, «Түрксіб орта мектебі» КММ, «Бес арыс» командасы 🏅
🥈 II орын –
Абай ауданы, «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ, «Әділет» командасы 👏
🥉 III орын –
Бесқарағай ауданы, «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Келешек ұрпақ» командасы 🌟
Облыстық «QUIZ» ойынына қолдау білдіргені үшін 🎉
Shakarim University ұжымына және «Кешкі QUIZ» ұжымына зор алғысымызды білдіреміз 🤝💙
Осындай білімді, белсенді жастар көбейе берсін! 🚀📚✨