Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Оқушылардың зерттеушілік ойларын дамыту - олимпиадаға дайындаудың құралы» тақырыбында әдістемелік тренинг ұйымдастырылды

«Оқушылардың зерттеушілік ойларын дамыту - олимпиадаға дайындаудың құралы» тақырыбында әдістемелік тренинг ұйымдастырылды

Дарын Орталығы

⚜️2025 жылғы 19-20 қараша күндері «Семей қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңін өткізу аясында қатысушылардың жетекшілеріне «Оқушылардың зерттеушілік ойларын дамыту - олимпиадаға дайындаудың құралы» тақырыбында әдістемелік тренинг ұйымдастырылды.
🔹Тренинг мақсаты:
• Педагогтердің зерттеушілік жобаларды ұйымдастырудың жолдарын дамыту әдістерін меңгерту;
• Оқушыларды олимпиадаға дайындауда зерттеушілік дағдыларын қолдану;
• Практикалық әдістерді қолдану арқылы зерттеушілік мәдениетті
қалыптастыру;
🔹Міндеттері:
• Зерттеушілік ойлау ұғымын түсіндіру;
• Зерттеу дағдыларын дамыту жолдарын көрсету;
• Олимпиадалық тапсырмалармен байланыстыру;
• Практикалық әдістемелер ұсыну;
• Сабаққа зерттеушілік элементтер енгізу.
🔹Семинарға жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңіне қатысушылардың жетекшілері қатысады.
19 қараша – жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша;
20 қараша – қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша.