Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» облыстық байқауы өткізеді

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» облыстық байқауы өткізеді

Дарын Орталығы

🔊Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» мектеп оқушылары және қосымша білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» облыстық байқауын онлайн форматта өткізеді.
🔻Байқаудың негізгі мақсаты:
Ақындық өнер, көркем поэзия арқылы жастарға ізгілікті, адамгершілікті, бабадан мұра болып жеткен салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды насихаттау. Ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық қабілетін арттыра отырып сол арқылы қазақ поэзиясының дамуына үлес қосу, жас таланттар мен дарынды ақындарды ынталандыру.
👥Байқауға жалпы білім беру мекемелерінің 2-11 сынып оқушылары және қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатыса алады.
🔻Байқауға қатысуға өтінімдер, жұмыстар, түбіртек 2026 жылдың 06 ақпанына дейін konkursy@abaidaryn.kz электрондық поштасына қабылданады.
Облыстық байқауды өткізу күні: 02-20 ақпан аралығы 2026 жыл онлайн форматта.
📞Анықтама телефоны: 87082397024