«Өлке тарихының тарланы» атты танымдық сағаты өткізіледі
🔊🔊«Өлке тарихының тарланы» атты танымдық сағаты білім беру мекемелерінде 2026 жылдың 2-6 ақпан аралығында өткізіледі.🔊🔊
🔹Мақсаты:
Оқушылардың өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, мектеп мұражайы арқылы тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбегін зерттеу негізінде патриоттық тәрбие беру.
Міндеттері:
- мектеп мұражайындағы тарихи жәдігерлер мен деректерді оқу-тәрбие процесіне енгізу;
- өлке тарихында із қалдырған тұлғалар туралы білімді тереңдету;
- оқушылардың зерттеушілік, экскурсиялық, шығармашылық дағдыларын дамыту;
- мектеп мұражайының жұмысын жандандыру және насихаттау;
- тарихи сана мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыру.
Қатысушылар:
- 5–11 сынып оқушылары;
- Өлкетану жасақтары қатысады
Өткізу форматы:
Қатысушылар мектеп мұражайындағы материалдарға сүйене отырып, төмендегі жұмыстардың бірін ұсынады:
- «Бір жәдігер – бір тарих» музейлік экспонат негізінде бейнеролик (3 минут);
- тарихи тұлғаға арналған бейнеролик (3 минут);
- мұражай бойынша виртуалды экскурсия бейнеролик (3 минут).