Отбасы күніне орай “Оқырман отбасы” байқауы өтеді

🔹Байқаудың мақсаты: Ұлтымыздың ой-өрісін дамыту мен шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылатын кітап оқуды дамыту үшін жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілік пен кітап оқуға деген қызығушылықты ояту. Отбасы мүшелерінің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

🔻Байқаудың міндеттері:
▫️ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың оқуға ұсынған 30 кітабын оқу,оқушыларға оқуға ұсынылған 100 кітап жобасын жалғастыру;
▫️Отбасылық кітап оқуды насихаттау,оқырмандардың әдеби кітапқа деген қызығушылығын арттыру;
▫️Кітаптың қазіргі отбасындағы рөлі мен орнын күшейту;
▫️Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту,тіл байлығын,шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Байқауға оқушылар ата-анасымен (ата-әжесімен) қатыса алады.

📞Қосымша ақпарат үшін: 87757228504 Арай Ерланқызы